Алматыдағы NIS оқушысы Даниал Султановты «Жасанды интеллект»  ҰТБ арнайы бейініндегі жеңісі үшін Сбербанк Президенті Герман Греф құттықтады

Dalanews 30 апр. 2021 06:29 678

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Даниал Султанов Ресей Федерациясы, Ұлттық технологиялық бастамалар (ҰТБ) Үйірме қозғалысы халықаралық олимпиадасының жеңімпазы атанды. «Жасанды интеллект» арнайы профилінде Даниал үздік шетелдік жоба үшін «Халықтар достығы» номинациясында бірінші орын алды.

Олимпиаданы ұйымдастырушылардың қатарында – Үйірме қозғалысы және ҰТБ «Платформасы», Ресейдің Ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту министрліктерімен бірлескен Стратегиялық бастамалар агенттігі және ресейлік венчурлық компания бар. Жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау Мәскеуде өтті, жасанды интеллект саласындағы үздік оқушыларды Сбербанк Президенті, Басқарма Төрағасы Герман Греф құттықтады:

– Бес жыл бұрын AI тақырыбында сөйлеген кезде шөл даладағы жаңғырық секілді естілетін, ал бүгін AI — бұл «электр», ол қайта өрлеу, жандану кезеңінде. Бірақ ғылым, зерттеу және практикалық тұрғыдан қолдану бірдей шамада келе жатыр. Қымбатты балалар, Сіздер дұрыс бағытта және дұрыс жолда келесіздер, дұрыс уақытта және дұрыс жерде өмір сүрудесіздер. Алынған тәжірибе пайдалы боларына сенімдімін.

Әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірінде бес мыңнан астам оқушы кездесті, байқаулар жасанды интеллект пен су асты робототехникасынан бастап геномдық өңдеу мен VR технологиясына дейін 28 технологиялық бейінде өткізілді. «Ақпараттық қауіпсіздік», «Жасанды интеллект», «Бизнес процестерді автоматтандыру» ең танымал IT профильдер қатарында болды. Биыл олимпиада жаңа рекорд орнатты – барлық тректер бойынша Ресейдің 85 өңірі мен шетелдерден 110 000-нан астам бала қатысуға өтінім берді.

– Финалда қатысушылар тек технологиялық тапсырмаларды ғана шешіп қойған жоқ – оқушылар алдында жасанды интеллект, робототехника, ғарыш индустриясы саласындағы жетекші компанияларда жұмыс істейтін мамандар айналысатын жаңа сын- қатерлер тұрды. Жоғары сынып оқушылары ересек әріптестерінің ойларынан асып түсетін қызықты шешімдерді ұсына білді,  –  дейді ҰТБ «Жас мамандар» бағыты директорының орынбасары Юлия Ханьжина.

2021 жылы финалистер ең көп сұранысқа ие технологиялармен байланысты мәселелерді шешті: жасанды интеллект, машиналық оқыту, компьютерлік көру, виртуалды және кеңейтілген шындық, геномдық өңдеу. Бөлінген форматтағы инженерлік тапсырмамен жұмыс істеу үшін 2020 жылы финалда сыналған бірқатар технологиялар қолданылды: мамандандырылған бағдарламалық жасақтама, симуляторлар, командалық жұмыс үшін жеке бейне және дауыстық арналар, сынақ алаңдарынан трансляциялар. Қорытынды сайысқа жүзден астам оқушы қатысты, олардың алдында ақыл-ойды ескеретін алгоритм құру міндеті тұрды. Соңғы сынақ үшін қатысушыларға Кристофаридің суперкомпьютеріне қол жетімділік берілді.

–  «Болашаққа үлес» Сбер қайырымдылық қорымен және жасанды интеллект Академиясымен бірлесіп өткізілетін «Жасанды интеллект» бейінінің финалында орысша мәтіндерді машиналық түсіну саласында серпіліс болды. Оқушылар бір жыл бойы осындай тапсырмамен жұмыс істеген ресейлік data-science қоғамдасты қол жеткізе алмаған нәтижені көрсетті, – дейді «Үйірме қозғалысы» ҰТБ жұмыс тобының жетекшісі Дмитрий Земцов.

– Жасанды интеллект жай ғана біздің болашағымыз емес, ол бүгіннің өзінде расымен енгізіліп жатыр. Сондықтан біз трендте болуға және оқуға, іздеуге, сынап көруге тиіспіз, олимпиада бұл тұрғыда мен үшін жақсы мектепке айналды, – деп Даниал марапаттау рәсімінен кейін әсерімен бөлісті.

Рекомендовать
Последние новости