"Жедел-іздестіру шаралары аяқталды. Қылмыстық сипаттағы ақпарат тексерілген болатын. Алайда ол расталған жоқ" – делінген баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.
Айта кетелік, бүгін тәртіп сақшылары қаладағы Гоголь мен Зенков және Мақатаев пен Абдулин көшелерінің аумағын қоршауға алып, жедел-іздестіру шараларын жүргізген еді.
Бұдан сырт Гоголь көшесінің жағындағы Көк базар және Қалдаяқов көшесінің бойындағы Интерфуд супермаркетінің аумағы толықтай қоршауға алынған-тұғын.