Алматыдағы жантүршігерлік автобус апатына қатысты сот басталды

Көркем Алдабергенова 08 нояб. 2024 13:10 1133

Алматының Алмалы аудандық сотында маусымда адам өліміне әкеп соққан автобус апатына қатысты ашық сот отырысы басталды. Жол апатынан 1 адам қаза тауып, тағы 25 жолаушы әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Бүгін қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Сотқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған әрекеті үшін айыпталған әйел келді. Алдын ала сот отырысында судья іс материалы бірден прокурорға, кейін сотқа жіберілгенін, ал адвокаттар қылмыстық іс материалдарымен танысып үлгермегенін, оларға сот отырысының материалдарымен танысу үшін қосымша уақыт берілетінін мәлімдеді.

"Сотталушы мен оның қорғаушылары қылмыстық іс материалдарымен танысуға мүмкіндіктері болмады, тиісінше, өтінішхаттар беру құқығынан айырылды. Қорғаушының іске сараптамалық қорытындылар қосу туралы өтініші басты сот талқылауында қаралып, шешіледі. Іс материалдарымен танысу туралы өтініш қосымша уақыт берумен қанағаттандырылды", - деді судья Қ.Иманқұлов. 

Сот ашық сот отырысын 19 қарашаға сағат 10:30-ға тағайындауды бұйырды.

Еске салайық, 26 маусымда Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болғаны хабарланды. Куәгерлер Алматыдағы автобус апатынан кейінгі жағдай туралы айтты.


Рекомендовать
Последние новости