Алматыдағы Білім-инновация лицейі Наурыз мейрамын тойлады (фото)

Dalanews 18 апр. 2017 11:31 818

Ертеде Ұлыстың ұлы күнін бір ай тойлаған. Сол дәстүр қайта жаңғырып келеді. Наурыз мейрамын бір-екі күннің айналасына ғана сыйдырып, ертесіне ұмытып кетсек оған деген құрметіміз де сол деңгейде болар еді. Қазақтың жаңа жылын насихаттау, оны жылдың басы ретінде санаға сіңдіру үшін осы мейрамды сәуірдің соңына дейін тойлаудың еш әбестігі жоқ. 

Бұл ретте Алматыдағы Білім инновация лицейінде өткен Наурыз тойы көптің көңілінен шықты. Білім мен тәрбиені қатар ұштастырған оқу орны мейрамға арнап қатарынан бірнеше үй киіз тіккен екен. Шараны өткізуге лицейде білім алатын оқушылардың ата-аналары да атсалысыпты. Бауырсақ пісіріп, айран ашытып, наурыз көже әзірлеген олардың балаларымен бірлесіп қойған ән-би кеші де қызықты болды. Ата-аналар балаларымен бірлесіп түрлі ұлт өкілдерінің биін биледі. 



Наурыздың түркі дүниесіндегі алар орнына тоқталған Білім инновация лицейінің директоры Ясин Йогуртджу өз сөзінде жиналған қауымды мерекемен құттықтап, шараны өткізуге атсалысқан ата-аналарға алғысын айтты. 
– Күн мен түн теңесетін, өмірдің жылы лебі есетін, ырыс пен берекенің, ризық пен несібенің бастауы Әз Наурыз құтты болсын, ақ мол болсын! Өткен жылға өкпеміз жоқ, ал келер күннен үмітіміз көп. Әрбір шаңыраққа береке мен молшылық тілеймін

– деді Йогуртджу мырза.  

[caption id="attachment_26058" align="aligncenter" width="728"] Ясин Йогуртджу[/caption]

 

Ата-аналар бірлесіп жайған дастарханнан дәм татқасын лицейдің ішін аралап көруге мүмкіндік алдық. Лицейде сабақ беретін ұстаздардың дерлігі ілгері оқу орындарында білім алған, жаңа технологиялардың қыр-сырына қанық жас мамандар екен. Лицейдің оқу бөлмелерін аралатып таныстырған информатика пәнінің мұғалімі Асылбек Боранбайдың айтуынша, бұл лицей дарынды оқушылардың талабын шыңдауға таптырмайтын орын. Әрбір кабинет оқушы білім алатын пәннің бағытына сай жасақталыпты. Лицейдегі әр бөлме тәжірибе алаңы сияқты. Айталық, биология бөлмесінен таныстырған Жасұлан Алмағамбетов бізге түрлі биологиялық зерттеуге жасауға арналған құрал-жабдықтарды көрсетті. "Осы арқылы оқушының білім қууға деген ізденісі артады" деді.

Лицейдегі барлық сыныптардың бөлмелерінде интерактивті тақта орнатылған. Спортзал, өнер үйірмелері және бар. Жатахқана да дәл осы оқу орнының ғимаратында орналасқан.     


Рекомендовать
Последние новости