Алматыдағы атыста жарақат алған екі полицей ауруханада көз жұмды

Dalanews 01 авг. 2016 05:43 987

Алматыдағы атыс кезінде қатты жарақат алып, жедел медициналық жәрдем ауруханасынның жан сақтау бөлімінде жатқан екі полицей қайтыс болды. Дәрігерлер қолда барын жасауға тырысты. Алайда құқық қорғаушылардың алған жарақаттары тым ауыр болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция сержанты Серік Еркенұлы Әбілдаев, 1973 жылы туған. Алматы қалалық Іішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полкінің полицейі, ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, артында үш қызы қалды.

Полиция лейтенанты Мейрамбек Нұридиллаұлы Рахматуллаев 1992 жылы туған. Алмалы аудандық ІІБ учаскелік инспекторы, ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет етіп келген. ҚР ІІМ және Алматы қалалық ІІД алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған. Үйленген.

Айта кетейік, бұған дейін екі полицей ауруханадан шығарылған болатын. Олардың барлығы шілденің 18-і күні Р.Күлікбаевтын қолынан жарақат алған. Алматы ауруханасында тағы бір полицей ем алып жатыр.

Рекомендовать
Последние новости