Ерке Есмахан әлеуметтік желі арқылы халыққа әке-шешесін таныстырды

Dalanews 01 авг. 2016 04:33 1319

Ерке Есмахан жұртқа ата-анасын таныстырып, олардың да инстаграм желісінде белсенділік танытатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желіде белсенділік танытатын жұлдыздардың қатарында Ерке Есмахан да бар. Ол тіпті желі қолданушыларына мағыналы жазбалар ғана жазамын деп уәде берген-ді. Бұл жолы әнші халыққа әке-шешесін таныстырды.

– Суреттегі менің әкем мен анам. Кейде балалық шағымды еске алсам, анамның басына қалпақ киіп, үстіне желмен бірге желбіреп тұратын көйлегін киіп, папама еріп қонаққа, киноға кетіп бара жататын сәттері анық есімде. Әкем қашан да жұмыста, үйде болса, бақшадан, ауладан өзіне жұмыс тауып алатын. Әлі де сол, қолы қалт етсе, аулада шеге қағып немесе бақша суарып жүргенді жақсы көреді. Анам үй ішіндегі “ауа райын” әрдайым қолайлы етіп отырады.  Өзім ана болғалы ата-анамның қадіріне ешнәрсе жетпейтінін ұқтым. Менің баға жетпес асылдарым, қазір екеуі инстаграм парақтап, Ерке не жазды екен деп отырған болар. Осы жазбамды оқып отырсаңыздар, мен сіздерді шексіз сүйемін, – дейді Ерке Есмахан.

Артынша әнші әке-шешесінің расымен инстаграм желісінде отыратынын айтты. Мұны естіген жұрт таң қалысты. Мұнымен қатар, олар Ерке Есмаханды әкесіне ұқсатты. «Қандай бақытты жансың! Анаң мен әкеңе ұзақ ғұмыр берсін! Алла жар болсын жанұяңа», «Ата-анаң аман болсын! Ерке Пшәнайыңмен бақытты өмір сүріп, әніңді шырқай бер», «Жүздеріңнен әрқашан күлкі кетпесін» дейді желі қолданушылары.

Рекомендовать
Последние новости