Қанат Ислам Алматыда жекпе-жек өткізеді

Dalanews 01 авг. 2016 10:03 552

Қазақтың танымал боксшысы Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін Алматыда өткізеді. Бұған дейін өткізген 21 кездесуінде де жеңіске жеткен былғары қолғап шебері WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасатын болады.

Жекпе-жекті «Жерсу» корпорациясы ұйымдастырып, демеушілік жасайды. Әзірге Қанаттың кіммен қолғап түйістіретіні белгісіз, дегенмен Алматыда өтетін доданың Қанат үшін орыны бөлек болары сөзсіз. 29 қазан күні өтеді деп жоспарланып отырған сайыста Қанат Исламның жанкүйерлері үшін ерекше сәт болмақ. Қазақ намысын ту еткен дарабозға тек жеңіс тілейміз!

Дереккөз: "Жас қазақ" газеті

Рекомендовать
Последние новости