Алматыда заңсыз салынған 19 нысан сүріледі

Dalanews 13 сент. 2023 11:39 904

Алматыда жоспардан тыс тексерулер барысында мыңға жуық заң бұзушылықтар анықталып, сүрілетін болды. 

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаевтың мәліметінше, қала аумағында 823 объектінің (бюджеттік 240, коммерциялық 583), оның ішінде 155 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде.

2023 жылы 740 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, жалпы сомасы 187 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынған 956 бұзушылық анықталған.


Сапасыз құрылыс және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізгені үшін 312-бап бойынша 35,7 млн. теңге сомасына 47 мердігер ұйым жауапкершілікке тартылды, оның ішінде бюджеттік объектілер бойынша 9 млн. теңге сомасына 14 мердігер ұйым, коммерциялық объектілер бойынша 27,6 млн теңге сомасына 33 мердігер ұйым жазаланды.

Жыл басынан бастап соттарға заңсыз салынған объектілерді бұзу туралы 53 талап-арыз жолданған. Заңсыз салынған 19 объект бұзылды. Лицензиядан кейінгі бақылау қорытындысы бойынша 20 құрылыс лицензиясының қызметі уақытша тоқтатылды, 247 лицензиясының күші жойылды.

Рекомендовать
Последние новости