Алматыда үш адам мерт болған автобус апаты: күдікті 8 жылға сотталуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 25 апр. 2024 13:08 3131

Алматыда үш адам мерт болған автобус апатына қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Сот отырысы барысында прокурор автобус жүргізушісін ұрып жіберген күдікті ер адамды 8 жылға соттауды сұрады. 

Оқиға былтыр 22 желтоқсанда Алматыда болған еді. Ер адам автобус жүргізіп келе жатқан әйелді ұрып жіберген. Әйел адам есінен танып, аялдамада тұрған адамдарға соғылған. Салдарынан үш адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды.  

Бұған дейін жәбірленуші тарап 40 млн теңге талап еткен болатын.

Кезекті тыңдалымда бірінші сөз жәбірленуші тараптың қорғаушысына берілген. Заңгер бұл жолы жантүршігерлік көлік апатында көз жұмған азаматтардың жақындарының талаптарын жіпке тізіп шықты.

"Алматы" телеарнасы мәліметінше, судья жауапты компания "ДуманТранстың", көлік жүргізушісі Ермек Шөкебаеваның және сотталушы Дархан Ахметжановтың Азаматтық кодекстің "бірлесіп келтірілген зиян" бабы бойынша 40 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттелуін сұрап отыр.

"Автобус жүргізушісі Шөкебаеваға қатысты қылмыстық іс қысқарылғанымен, азаматтық талап бойынша біз сол автобустың иесі "ДуманТрансқа" және соның жүргізушісі Шөкебаеваға моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап-арыз бере аламыз", - дейді жәбірленуші тараптың қорғаушысы Айтынғали Табылдин. 

Дүйім жұрттың жағасын ұстатқан оқиғаға қатысты кезекті сот отырысында автобус ішінде болған куәгерлер де сөйледі. Анасының рұқсатын алған соң сот залына кәмелетке толмаған жасөспірім шақырылып, көлік жүргізушісі мен сотталушының арасында болған жанжалдың мән-жайын түсіндірді. Сондай-ақ, куәгер Ермек Шөкебаеваның толық есінен танып қалғанын жоққа шығарды. Оның айтуынша, жүргізуші абыр-сабыр басталғанда оған "тежегішті бас" деген екен. 

"Бұл кісі ортаңғы есіктен түсіп кетпекші болды. Ал жүргізуші алдыңғы есіктен шығып, чек көрсетуін талап етті.  Бұл кісі чекті көрсете алмады. Көп нәрсе айтылды негізі, "осы жерден түсіріп кет, болмаса, мен сені үйтемін-бүйтемін" дегендей. Жүргізуші "қолыңнан келсе істеп көр" деп қарсы сөз айтты", - дейді куәгер. 


Рекомендовать
Последние новости