Алматыда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Dalanews 23 янв. 2024 10:10 1011

Алматыда тағы бір жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР ТЖМ "Сейсмология институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 23 қаңтарда Алматы уақытымен 15.07-де (2024 жылғы 23 қаңтар Гринвич бойынша 09 сағат 07 мин 09 сек) жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.6. MPV магнитудасы - 4.9. Эпицентрдің координаттары 41.14° С. Е. 78.57° ш. б. Тереңдігі - 5 км. ДСМ-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында 2 балл болып сезіледі", - деп жазылған хабарламада.


Сурет: depositphotos.com

Рекомендовать
Последние новости