Алматыда салымшыларына трейлер көргені үшін сыйақы уәде еткендер қаржы пирамидасы болып шықты

Кәмшат Тілеухан 21 апр. 2025 11:28 222

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Warner Bros", "Roborock" және "NFT+TRX" қаржылық пирамидаларының қызметін тоқтатты. Қаржылық пирамида ұйымдастырушылары салымшыларды трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда алу деген сылтаумен жобаларға инвестиция салуға көндірген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Жоба 9 деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңгені құрады, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданды. Мысалы, "Warner Bros" жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін "есептелетін" сыйақылар алған. Тергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және транзит жасау үшін қолданылған криптовалюталық әмияндар анықталды. Соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды", делінген ҚМА хабарламасында.

Құқықтық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, агенттік қаржы пирамидаларының белгілері бар ұйымдарды тексеруге мүмкіндік беретін "Baiqa, piramida!" Telegram-ботын (https://t.me/BAIQApiramidaBOT) іске қосқан.


Рекомендовать
Последние новости