Оралда көру қабілеті шектеулі жандарға арналған фотокөрме өтті

Ақтоты Жапатова 18 апр. 2025 15:52 582

Таяуда «Canon» компаниясы ÓzgeEpic креатив хабының қолдауымен Орал қаласында «Көрінбейтін әлем» атты бедерлі фотокөрме ұсынды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 2,2 миллиардтан астам адам әртүрлі көру кемшіліктерімен өмір сүреді. Ал олардың басым көпшілігі үшін фотография, визуал әлемі мүлдем түсініксіз. Қазақстанда шамамен 160 мың адам осындай шектеулермен өмір сүруде. «Көзге көрінбес әлем» көрмесі көру қабілетіне қарамастан, өнерге қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы осы кедергілерді жоюға ұмтылады.

Көрменің мақсаты – өнер және жаңа технологиялардың көмегімен көрмей-ақ, сезу және есту қабілеті арқылы қабылдауға болатын жаңа таным кеңістігін қалыптастыру.

Экспозицияда танымал фотографтардың бедерлі суреттері, дыбыстық сипаттамалары және Брайль қарпімен жазылған мәтіндер ұсынылды. Бұл – көру қабілеті шектеулі жандардың бейнені сезіну арқылы қабылдауына мүмкіндік береді. Бұл инклюзивті қоғамға қарай маңызды қадам жасай отырып, заманауи өнер мен технологиялар арқылы шекараларды жоюға ұмтылатын, көру қабілеті қалыпты адамдар мен көру қабілеті шектеулі жандарды біріктіретін ерекше алаң.

«Canon» компаниясы суреттердің әлемді өзгертуге қабілетті екеніне сенеді, ал «Көзге көрінбес әлем» көрмесі инновациялар арқылы өнерді бәріне қолжетімді етуге болатындығының жарқын үлгісі. Заманауи баспа технологиялары бейнелерді тактильді түрде “көруге” мүмкіндік береді, бұл көру қабілеті нашар адамдар үшін қабылдаудың жаңа көкжиектерін ашады», – деді «Canon» компаниясының өкілі.

Көзге көрінбейтін әлем – өнерді сезіну тәсілдерін кеңейту арқылы инклюзивті қоғам құруға қосқан үлкен жоба.

«Бұл көрме – біздің қоғамдағы әрбір адамның өнерді сезініп, оның қуатын қабылдауына мүмкіндік беретін маңызды қадам. ÓzgeEpic хабындағы жұмысымыздың өзегі де – креативті шешімдер арқылы баршаға ортақ, қолжетімді орта қалыптастыру. Canon компаниясымен бірлесіп қолға алынған бұл жоба — креатив пен технологияның адам жанына жол таба алатынын көрсететін жарқын мысал. Көрме Орал қаласында орналасқан кеңістігімізде бір ай бойы қала қонақтары мен тұрғындарының назарына ұсынылады», – деп атап өтті ÓzgeEpic креатив хабының негізін қалаушы Тоғжан Құрманжанқызы.


Рекомендовать
Последние новости