Алматыда Республика алаңында Қаңтар оқиғасының құрбандарына құран оқылды

Dalanews 05 янв. 2024 06:55 1095

Алматыда бір топ азамат Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне жиналып, Қаңтар оқиғасының құрбандарына құран бағыштады.

Жиналғандар қаза болғандардың рухына арнап құран бағыштап, жеті шелпек таратты. Ulysmedia.kz тілшісі де сонда. Алаңның айналасында полиция қызметкерлері байқалмайды.

2022 жылдың 2 қаңтарында Жаңаөзенде сұйытылған газ бағасының көтерілуіне қарсылықтан бастау алған жаппай наразылық бірер күнде Қазақстанның барлық өңірін қамтыған еді. Бірнеше қалада наразылықтың аяғы қантөгіске ұласқан. Ресми мәлімет бойынша, 238 адам көз жұмды (оның ішінде күш құрылымдарының 19 қызметкері бар). Алты адам түрмеде азаптаудан көз жұмған.

Қазақстанда Қаңтар оқиғасына байланысты мыңдаған адам ұсталып, жүздеген адамға «терроризм», «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру», «қару-жарақ сақтау» сынды айыптар тағылды. Ұсталғандардың дені тергеу кезінде азапталғанын мәлімдеген. Кейін ұсталған, сотталғандардың көбіне рақымшылық жасалған.

Рекомендовать
Последние новости