Алматыда қымбат көлікті ағаш басып қалды

Қаракөз Амантай 02 окт. 2025 14:30

Алматыда нөсер жаңбыр мен қатты желдің салдарынан ағаш құлап, қымбат электро-спорткарды басып қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видео "Kris_p_alamata" инстаграм парақшасында жарияланды.

Куәгерлердің сөзінше, ауыр соққы темір тұлпардың төбесі мен алдыңғы бөлігіне тиген. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Мәліметтерге сүйенсек, зақымданған көлік сирек кездесетін HiPhi маркалы премиум электромобиль. Сондықтан төтенше жағдай көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости