Алматыда полиция 9 жастағы баланы қағып кетті (видео)

Dalanews 13 мар. 2017 16:54 889

Алматыда полиция көлігі жаяу жүргінші жолында 9 жастағы баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Жангелдин көшесінің бойында Рысқұлов даңғылымен қиылысының маңында бүгін таңғы уақытта болған.

– Бала жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан. Екі көлік тоқтап, баланы өткізіп тұрған. Яғни, Жангелдинде екі жолақ – жоғары қарай (Оңтүстік) және бір жолақ қарсы бағытта (Солтүстік) – автобустарға арналған жол. Осы қарсы бағыттағы жолмен полиция көлігі жүріп келе жатып, жоғары жылдамдықпен баланы қағып кетті, – деді оқиғаның куәгерлері.

 

https://www.youtube.com/watch?v=5Pxz9_plkmY

Рекомендовать
Последние новости