Алматыда коронавирус ошағының саны 20-ға жетті

Dalanews 26 мар. 2020 18:33 763

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің дерегі бойынша, ағымдағы жылдың 26 наурызындағы жағдай бойынша,  Алматыда коронавирустың жеке ошақтары мен 20 кіреберіс карантинге алынды деп хабарлайды Dalanews.kz. 


Осы кезеңде кіреберісте күшейтілген дезинфекциялық режим енгізілді, басқа үйлердің тұрғындарының қозғалысы мен кіруіне шектеу қойылды. Карантин режимі мерзім аяқталғаннан кейін алынып тасталады.


Бүгінгі күні Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 20 ошағы бар.


Әуезов ауданында — 2 жұқтыру ошағы: Жетісу-2 ықшамауданы, 70а; Мамыр – 4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан.


Алатау ауданында 5 жұқтыру ошағы: Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ықшамауданы, 7; Ақбұлақ ықшамауданы, 9- де орналасқан.


Алмалы ауданы бойынша 3 ошақ. Яғни  Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7-де орналасқан.


Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар Зенков көшесі, 59; Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62-де.


Жетісу ауданында — 2 ошақ бар. Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51.


Түрксіб ауданында 5 ошақ тіркелген. Алтай-1, 8; «Жас қанат» ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская к-сі, 63;  Жұлдыз-2 ықшамауданы, 45.


Бостандық ауданында — 1 ошақ Тұрғыт-Озал көшесі, 242 мекен-жайында.


Сонымен қатар, Зенков көшесі, 59 мекенжайы бойынша ошағы аймағынан ағымдағы жылдың 27 наурызы сағат 00:00-ден бастап шектеу шаралары алынады. 



Алматы қаласының тұрғынының коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны бұрында хабарланды. Аталған емделуші 14 күн ішінде үй карантинінде болады, медицина қызметкерлері денсаулық жағдайына мониторинг жүргізеді.


Қала билігі алматылықтарды карантин режимін қатаң сақтауға, карантиндік аумақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, әріптестері мен және т. б. адамдармен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды.


Мұндағы мақсат — әр адамның өзін коронавирустық инфекция жұқтырудан сақтау, туғандары мен жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету. Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан індеттің ошақ аумағынан тыс жерге таралып кетпеуі үшін күшейтілген іс-шаралар атқарылуда.




Рекомендовать
Последние новости