Тоқаев: "Бұл індеттен адам өлді. Сол үшін де карантинді сақтау керек"

Dalanews 26 мар. 2020 17:55 930

Мемлекет басшысы карантиннің маңыздылығын баса атап өтті.




Президент Тоқаев Қазақстанда коронавирустан науқастың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

64 жастағы әйелдің өлімі коронавирустың қауіптілігін және карантинді сақтаудың маңыздылығын аңғарта алады. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантиндік шараларды күшейту, сонымен қатар Шымкентте шектеулер енгізу туралы шешім қабылданды, деп жазды Президент Twitter-де.

26 наурызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан алғашқы көз жұму фактісі тіркелгенін хабарлады.


Осы күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейтілді.

https://twitter.com/TokayevKZ/status/1243209300333428737

https://dalanews.kz/51827

https://dalanews.kz/51792

Рекомендовать
Последние новости