Алматыда Дулати көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Ақтоты Жапатова 26 июн. 2025 12:06

Дулати көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі,- деп хабарлайды Dalanews.kz

26 маусым күні сағат 22:00-ден бастап 27 маусым сағат 06:00-ге дейін Экологиялық бекет даңғылынан бастап Сапарлы жол көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысқа шектеу қою жөніндегі толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде және 2GIS және «Яндекс карталарында» жарияланған.


Рекомендовать
Последние новости