Алматыда бұрын алаяқтық жасады деген судья қайтадан ұсталды

Көркем Алдабергенова 09 окт. 2024 15:04 3577

Алматыда бұрын алаяқтық жасады деген судья Светлана Жолманова қайтадан ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаменті ақпаратты растады.

"Медеу аудандық полиция Басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, 2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Тінту кезінде судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленген. Ол сот шешімдерін белгілі бір адамдардың пайдасына шығаруға көмектескен.

29 сәуірде Жоғарғы сот төрағасының өкімімен Светлана Жолманованың өкілеттігі тоқтатылды.


Рекомендовать
Последние новости