Алматыда 3 жаңа жатақхана ашылды

Қаракөз Амантай 27 авг. 2024 13:37 6174

Алматыда жаңа оқу жылы қарсаңында 980 орындық 3 заманауи жатақхана ашылды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

2024 жылы 24 тамызда жаңа оқу жылыныңқарсаңында жеке инвестиция есебінен 980 орындық 3 жатақхана салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білімминистрі Саясат Нұрбек, Алматы қаласы әкімініңорынбасары Азамат Қалдыбеков, қоғамбелсенділері мен қала жастары қатысты.

Жатақханалар барлық талапқа толықтай сай. Мұнда тұрмысқа қажеттінің бәрі бар. Корпустастуденттерге арналған коворкинг аймағы, асханажәне конференц залы қарастырылған.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі ЕрболатДосаев жатақхана мәселесі тікелей бақылауындаекенін айтып, Алматыға оқуға келген студенттердіңжоғары білім алумен қатар, жайлы жатақханадатұруларын қамтамасыз ету керектігін айтқанболатын.

Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімініңорынбасары Азамат Қалдыбеков Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың құттықтаусөзін оқыды:

«Студенттер үйібұл Алматы картасындағыжай ғана жаңа нысан емес. Осындай жағдайдатұратын әрбір студент өзін үйіндегідей сезініп, жаңа ортаға оңай бейімделіп, сапалы білім алып, қаланың дамуына үлес қоса алады. Айта кетерлігі, бұл жатақханалар жеке қаражат есебінен салынды, бұл өз әлеуеті өзіне жететін мегаполис үшін жақсытәжірибе», – деді мегаполис басшысы құттықтаусөзінде.


Сондай-ақ
, Азамат Қалдыбеков Алматы әкімдігі қазақстандық және шетелдік студенттердіңжайлы жағдайда өмір сүруі үшін студенттікжатақханалар құрылысын жалғастыруды көздепотырғанын айтты. 2024 жылы 5025 орындық 10 нысанды, ал 2025-2026 жылдары 34 мыңнан астаморындық жатақханаларды пайдалануға беру жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, жатақхана құрылысынтиімді үйлестіру үшін студенттік жатақханаларсалу жөніндегі жобалық кеңсе жұмыс істеп тұр. Жобалық кеңсенің негізгі міндеті – Алматы қаласының аумағында жатақханалар салу жәнестуденттерді тұрғын үймен қамтамасыз етубойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыруүшін қолайлы жағдайлар жасау. Жобалық кеңсе ашылғалы бері 120 әлеуетті инвестор жүгінді, оның67-і қазір жұмысқа кіріскен, бұл қолдау көрсетутетігінің тартымдылығын көрсетеді.


Айта кету
керек, Алматы экономикасы тұрақтыөсу үстінде. Жарты жылда 715 млрд теңгеинвестиция тартылды. Жыл басынан бері 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Алматының ЖӨӨ 2024 жылы 4,7% - ға өсті. Алматыда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15,8% - ға  ұлғайды.

Жылбасынан бері Almaty Business DevelopmentCompany қаланың бизнесін дамыту бойынша 14 мыңнан астам консультация өткізді, 208 рұқсатқұжаттарын алуға көмек көрсетілді, 112 бизнес-жоспар әзірленді, 1,5 млрд теңгеге 37 жобанықаржыландыруға  ықпал етілді. «Almaty BusinessDevelopment Company» Алматы қаласыныңбизнесті дамыту компаниясы» ЖШС Алматы қаласында инвестициялар тарту жәнеинвесторларға ықпал ету саласындағы өңірлікұйым. 


Рекомендовать
Последние новости