Алматыда 2024 жылы экологиялық қоғамдық көліктің үлесі 70%-ға дейін ұлғаяды

Қаракөз Амантай 19 авг. 2024 15:47 1105

Алматыда қоғамдық көлікті дамыту аясында оның экологиялық түріне көшуін қамтамасыз ету және жаңарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды қалалық мобилділік басқармасы, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Биыл жергілікті бюджет есебінен газбен жүретін 600 автобус, 100 электробус және 112 троллейбус сатып алуға тапсырыс орналастырылды.


Жеке автопарктер осы жылдың бірінші жартыжылдығында газбен жүретін 150 автобус пен 15 электробус сатып алды.

Осылайша, 2024 жылы экологиялық таза қоғамдық көліктің үлесі 53,7%-дан 70%-ға дейін ұлғаяды, орташа пайдалану мерзімі 3 жылдан 2,5 жылға дейін қысқарады.


Рекомендовать
Последние новости