Өскеменде "Flood Challenge" хакатоны өтті

Dalanews 12 авг. 2024 19:21 827

Облыс орталығындағы “Oskemen IT-hub” базасында "Flood Challenge" атты Хакатон өтті.

Хаб жетекшісінің айтуынша, шараның негізгі мақсаты - Төтенше жағдайларға ден қою және су тасқынынан келетін залалды барынша азайту мақсатныда Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайларын болжау бойынша инновациялық шешімдерді әзірлеу, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл хакатонның финалына мүдірмей 3 қатысушы жеткен. Екеуі Шығыстың жас өнертапқыштары болса, біреуі Қырғызстан мемлекетінен қатысқан.

- Бүгінгі хакатонда тек Шығыста ғана емес, республика бойынша өзекті болып отырған су тасқыны мәселесін шешуге арнадық. Төтенше жағдайдың алдын алуға өнертапқыштар 3 апта өз жобаларын әзірлеп, бізге ұсынды. Бүгін финалға өткен 3 жоба эксперттерге ұсынылып отыр, - деді “Oskemen Hub” жетекшісі Дидар Мұратұлы.

Үздік деп танылған жобаның иесіне бас демеуші “Robosoft” компаниясының атынан сыйақы табысталды. Сондай-ақ жоба иесі енді аталмыш компанияда үш ай бойы жұмыс істеп, тәжірибе жинақтай алады.


Рекомендовать
Последние новости