Алматыда 103 төсек-орындық жатақхана ашылды

Қаракөз Амантай 20 сент. 2024 17:55 4813

Алматыда жеке инвестициялардың есебіне салынған 103 төсек-орындық заманауи жатақхана ашылды. Мұнда студенттерге жайлы бөлмелер, ас бөлмесі, оқуға және демалуға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, интернетпен (wi-fi) қамтамасыз етілген коворкинг аймағы да қарастырылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Жатақхана керемет! Бөлмелері кең әрі жарық, қажеттінің бәрі бар. Асхана да өте ыңғайлы, тағамдары дәмді. Wifi жылдамдығы да тамаша, сабақ оқуға өте ыңғайлы", - деді жатақхана тұрғыны Ербол Балтабаев.


Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, оқу жылы басталғанға дейін Алматыда 1920 орындық 6 жатақхана ашылды, ал жыл соңына дейін Алматы қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен 3105 орындық 4 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2024 жылы жалпы 5025 орындық 10 нысанды, 2025-2026 жылдары 34 295 орындық 33 нысанды пайдалануға беру көзделген.

"Менің жатақханам өте ыңғайлы. Коворкинг аймағы заманауи жабдықтармен қамтылған, сондықтан сабағымды оқып, жобаларымды жасау үшін тамаша орын. Жұмыс істеп отырған кезде басқа студенттермен қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасуға да мүмкіндік бар. Сонымен қатар, жатақханамның аялдамаға жақын орналасуы өте ыңғайлы. Кез келген бағытқа барарда уақытты үнемдеп, қала ішінде еркін қозғала аламыз", - деді студент Әділет Досымбеков.


Естеріңізге сала кетейік, жатақхана құрылысын тиімді үйлестіру үшін студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобалық кеңсе жұмыс істеп тұр. Жобалық кеңсенің негізгі міндеті Алматы қаласында жатақханалар құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау. Жобалық кеңсе ашылғаннан бастап 120 әлеуетті инвестор жүгінді, оның 67-сі қазір жұмысқа кіріскен, бұл қолдау механизмінің тартымдылығын көрсетеді.


Айта кету керек, Алматы экономикасы тұрақты өсуді көрсетіп отыр. Жарты жылда 715 млрд теңге инвестиция тартылды. Жыл басынан бері 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Алматының ЖӨӨ 2024 жылы 4,7% - ға өсті. Алматыда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15,8% - ға өсті. "Almaty Business Development Company "Алматы қаласының бизнесті дамыту компаниясы" ЖШС Алматы қаласында инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу саласындағы өңірлік ұйым болып табылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Компания "бір терезе"қағидаты бойынша Алматы қаласында инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу саласындағы қызметті жүзеге асырады. Компания қала экономикасының басым салаларына инвестициялар тартады, қаржыландырудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары бойынша консультациялар береді, сондай-ақ инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеуді жүзеге асырады.


Рекомендовать
Последние новости