Жалақы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан қай орында?

Сағыныш Сардарова 18 сент. 2024 09:46 2309

Numbeo деректеріне сүйенсек, жалақы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 67-орында тұр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Орташа таза айлық жалақы (салық төлегеннен кейін) бойынша Қазақстан 67-орында, $581,26", - деп жазылған кестеде.

Жалақы бойынша көшбасшы елдер тізіміне Швейцария ($7216,85), Люксембург ($6091,11) және АҚШ ($4522,32) кіреді.

Үздік ондыққа Сингапур, Катар, Гонконг, Дания, Аустралия, Нидерланды және Норвегия кірді.

Қазақстан рейтингте Ресейден озып тұр (Ресей 68-орында), бірақ Молдовадан артта қалып отыр (65-орын).

 


Рекомендовать
Последние новости