Тасмағамбетовтің әпкесі өмірден өтті

Көркем Алдабергенова 20 сент. 2024 15:16 290

Иманғали Тасмағамбетовтің әпкесі Нұрсұлу Тасмағамбетова өмірден өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов телеграм арнасында хабарлады. 

Тасмағамбетова Нұрсұлу Нұрғалиқызы – 1950 жылы 17 қыркүйекте Атырау облысы Новобогат ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Алматы медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының медицина саласында балалар дәрігері болып бастаған.

Әр жылдары бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері, Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі қызметтерін атқарды.

Гиппократ орденінің және басқа да марапаттардың иегері, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының құрметті азаматы.


Рекомендовать
Последние новости