Алматыда 10-нан аса жер сілкінісі тіркелді - жауапты маман

Dalanews 22 янв. 2024 20:30 1104

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев алматылықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Алматының тұрғындары мен қонақтарына жақын арада қатты жойқын жер сілкінісі болмайтынына сендіргім келеді. Сейсмикалық оқиға Қытай мен Қырғызстан аумағында болды. Алматы, Алматы облысының, ішінара Жетісу облысының тұрғындары сезінген дүмпулер ҚХР мен Қырғызстан аумағында болған қуатты оқиғаның афтершогы.

Қазіргі уақытта 10-нан аса жер сілкінісі тіркелді, оның ішінде біздің тұрғындар тек екеуін ғана сезінді. Дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ", - деді Сәрсенбаев.




 










Посмотреть эту публикацию в Instagram























 

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2024 (@ztb_media)





Рекомендовать
Последние новости