«Алматы туризм бюросы» қаланың туристік әлеуетін әлемге насихаттайды

Dalanews 25 сент. 2023 17:58 1129

Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы «Алматы туризм бюросы» (Almaty Tourism Bureau) болып қайта құрылды. Ұйым Алматыны туристік дестинация ретінде ілгерілетуге көшу арқылы мақсаттар мен міндеттер аясын кеңейтеді. Халықаралық туристік байланыстарды кеңейту және бүкіл әлем бойынша Алматыға деген қызығушылықты арттыру бойынша жұмыс жандандырылуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының Туризм бюросының қатысуымен жақында Алматы халықаралық әуежайындағы паспорттық бақылау аймағындағы кабиналар жаңартылды, онда қазір келген қонақтарды әлемнің тоғыз танымал тілінде: қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, француз, итальян, түрік және корей тілдерінде қарсы алады.

Ыңғайлы навигация үшін орталық қала қиылыстарында 52 ақпараттық тотем орнатылды, онда картадан басқа танымал туристік бағыттар туралы ақпараттар бар.

Алматының туристік әлеуетін дамыту бойынша жұмыс аясында биыл көлік тораптары қызметінің қызметкерлері және туристермен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын сала мамандары ағылшын тілі және қонақжайлылық негіздері бойынша оқытудан өтеді.

«Kazakh Tourism "ҰК" АҚ-мен бірлесіп туристік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған және үш негізгі бағытта-туроператорлық қызмет, орналастыру орындары мен тамақтану пункттерінде жүзеге асырылатын «Сапа белгісі» бағдарламасы іске асырылуда. «Сапа белгісі» ұлттық стандарттарға негізделген бағдарлама талаптарына сәйкес келетін ұйымдарға беріледі.  Келесі кезеңде Recommended by Visit Almaty өңірлік стандартын енгізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Visit Almaty – Алматы қаласы Туризм басқармасымен бірлесіп Almaty Tourism Bureau белсенді түрде насихаттайтын қаланың туристік бренді. Туристерге ыңғайлы болу үшін қалада Visit Almaty 10 ақпараттандыру нүктесі жұмыс істейді, онда қызықты турлар, бос уақытты  дұрыс өткізу бойынша ұсынымдар және Алматы және оның айналасы туралы басқа да пайдалы ақпараттар кәсіби кеңестер, оның ішінде карталар, жолсілтемелер, тау бағыттарының атластары, туроператорлардың брошюраларын алуға болады.

«Алматы Туризм бюросының» басшысы Камила Лұқпанова ресми ашылу барысында, «Егер бұрын туристік ақпараттық орталық негізінен ақпараттық-консультациялық сипатта болса, енді Almaty Tourism Bureau туризм саласындағы соңғы үрдістерді ескеретін маркетингтік коммуникацияларға баса назар аудара отырып, дестинацияны ілгерілету жөніндегі нағыз жобалық кеңсеге айналды», - деп хабарлады.


Almaty Tourism Bureau үшін шетелдегі туристермен және серіктестермен неғұрлым тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін онлайн мүмкіндіктерді кеңейту де шешуші рөл атқарады. Әлемдік БАҚ-пен өзара іс-қимыл, Халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығымен (International Congress and Convention Association, ICCA) әріптестік белсенді жүргізілуде. Бюро Алматыдағы бастамаларды/іс-шараларды жан-жақты қолдайды (журналистика күні, Toyla music festival, «Алматы марафоны», қала күні, Arba Wine егін жинау мерекесі, фестивальдар мен концерттер).

Бюро жұмысының негізгі көрсеткіштері – қайта-қайта оралғысы  келетін саяхатшылар үшін жайлылықты, қауіпсіздікті және жарқын әсерлерді қамтамасыз ету.

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы» 2017 жылы құрылған болатын. 5 жыл ішінде 10 ақпараттық нүкте ашылды, онда 100 мыңнан астам туристке қызмет көрсетілді. 2019 жылдың соңында ұйым миллионыншы туристпен кездесті. ТИЦ ірі халықаралық көрмелерге және іс-шараларға қатысып, Asia’s Leading city Break Destination 2019: Almaty, Kazakhstan номинациялары бойынша world Travel Awards 2019 халықаралық байқауында жеңімпаз атанды. Жоғарыда қабылданған шаралар туристік ағынның 2 еседен астам өсуіне әсер етті.

 

Рекомендовать
Последние новости