Алматы тауында жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің мәйіті табылды

Қаракөз Амантай 11 июл. 2025 10:56

Алматы маңындағы тауға серуендеуге шығып, хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы Ақылбек Нұрисламның мәйіті табылды. Бұл ақпаратты полиция мен еріктілер растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жас жігіт 2 шілде күні тауға шыққан соң қайтып оралмаған. Іздестіру жұмыстарына 40-тан астам адам жұмылдырылды. Құтқару операциясына Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, полиция қызметкерлері, еріктілер, кинологтар мен дрондар қатысқан.

Полицияның хабарлауынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Рекомендовать
Последние новости