Алматы қаласындағы жылу орталықтарының жылу беру маусымына дайынғы талқыланды

Dalanews 22 авг. 2023 15:02 891

ҚР Энергетика министрлігі Энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы Алматыдағы ЖЭО-2-нің жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Энергетика министрлігі Ядролық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысын бақылау мақсатында Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сұңғат Есімханов «Алматы электр желілері» АҚ («АлЭС» АҚ) ЖЭО-2-де болып, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жан-жақты қарады. Сондай-ақ, «АлЭС» АҚ басшылығымен әңгіме жүргізіп, жылыту маусымына дайындықтың өзекті мәселелері, оның ішінде жөндеу жұмыстарын уақытылы, сапалы жүргізудің тәуекелдері талқыланды.

Комитет негізгі жабдықтарды жөндеу жұмыстарының барысын жүйелі түрде бақылайды.

Рекомендовать
Последние новости