Алматы облысының үздік мемлекеттік қызметкері – Рустам Али

Dalanews 02 июн. 2022 14:50 821

Алматы облысында «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауы өз мәресіне жетті. Сайыс қорытындысы бойынша Ескелді ауданының әкімі Рустам Али топ жарды. Жеңімпаз, ендігіде республикалық деңгейде өңір намысын қорғайтын болады.

Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеген 57 тұлға «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауының өңірлік кезеңіне қатысуға өтінім берген.

Олардың 13-і ғана өңірлік байқаудың екінші кезеңіне жолдама алып, жобаларын қорғады.


Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байқауға, әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылмаған, кемінде үш жыл мемлекеттік қызметте еңбек өтілі бар қызметкерлер қатысқан.

Мамыр айының 26-сы күні барлық қатысушыларға бір мезгілде кейстік тапсырма жолданған болатын. Қатысушылар, көлемі 500 сөзден аспайтын эссе және ұзақтығы 5 минуттан аспайтын бейне жауап ұсынды.

Кейстік тапсырманың шешімін конкурстық комиссия мүшелері қарап, нәтижесінде ең жоғары балды Ескелді ауданының әкімі Рустам Али жинаған.


Облыстық кезеңнің жеңімпазы өз сөзінде, «10 жыл - елге қызмет. Осындай құрметке ие болуға мүмкіндік берген ата-анамның тәрбиесіне, басшылар мен әріптестердің бірлескен қызметіне алғысым шексіз»,-деп атап өтті.

Естеріңізге саламыз, Рустам Али, бұған дейін облыстық Ішкі саясат, Жастар саясаты басқармаларын басқарып, Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын.

Рекомендовать
Последние новости