«Алматы облысының ауыл шаруашылығы: даму динамикасы, өнімділік және мемлекеттік қолдау»

Dalanews 28 окт. 2024 18:20 1705

Ағымдағы жылы Алматы облысында ауылшаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 419,5 мың гектарды құрады, бұл өткен жылғы 457,4 мың гектармен салыстырғанда 8,2%-ға азайған. Дәнді және масақты дәнді дақылдар 112,0 мың гектарды, жүгері 50,4 мың гектарды, күріш 6,7 мың гектарды, майлы дақылдар 23,7 мың гектарды, картоп 10,4 мың гектарды, көкөніс 15,6 мың гектарды, бақша дақылдары 1,8 мың гектарды, азықтық дақылдар 198,4 мың гектарды қамтиды.

2023 жылы дәнді дақылдарды жинау алаңы 169,2 мың гектарды құрады, ал қазіргі таңда 119,1 мың гектар жиналып, 271,2 мың тонна астық бастырылған. Жүгері дақылынан 28,4 мың тонна, күріштен 18,5 мың тонна, майлы дақылдардан 20,5 мың тонна өнім алынды. Картоп өнімділігі 242,1 ц/га, көкөніс өнімділігі 250,8 ц/га құрады.

Облыста 71 жеміс-көкөніс және картоп қоймалары бар, жалпы сақтау көлемі 128,6 мың тонна. 55 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді, оның 20-сы өнеркәсіптік. Жылыжай шаруашылықтарын дамыту маусымаралық кезеңде жаңа көкөністермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Күзгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін 5 454 тонна дизель отыны бөлінді, оның 1 311,5 тоннасыауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жөнелтілді. Техника саны 10,7 мың бірлік, оның 61,4%-ы 25 жылдан астам пайдаланылуда.

Мал шаруашылығында ірі қара мал саны 639,9 мың басты, ұсақ мал 2,8 млн. басты, жылқы 233,9 мың басты, құстар 9,7 млн. басты құрады. 2023 жылдың қаңтар-тамызында ет өндірісі 160,4 мың тоннаға жетіп, 15,7% өсті. Сүт өндірісі 189,2 мың тоннаны, тауық жұмыртқасы 340,1 млн. дананы құрады.

Облыстағы суармалы жер көлемі 270,5 мыңгектар, суару желілерінің жалпы ұзындығы 9,4 мың шақырым. 2023 жылы 3 суару желісін жаңарту жұмыстарына 3,5 млрд. теңге бөлінді, нәтижесінде17,9 мың гектар пайдаланылмайтын суармалы жерлер айналымға енгізілетін болады.

Су үнемдеу технологияларын енгізу жоспары42,6 мың гектар, қазіргі таңда 38,0 мың гектар аумақта су үнемдеу технологиялары енгізілді.

2024-2026 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік саласындағы инвестициялық жобалар бойынша Жол картасы әзірленді. 2023 жылы 7,1 млрд. теңге сомасына 10 инвестициялық жоба іске асырылатын болады.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 8,3 млрд. теңге бөлініп, 1 090 шағын несие берілді. Ағымдағы жылы Алматы облысында 17,6 млрд. теңге қарастырылып, 2 514 шағын несие беру жоспарлануда, 4 002 жаңа жұмыс орны ашылады.

Мемлекеттік қолдау мен инвестициялар ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуға, өнімділікті арттыруға, жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді, бұл ауыл халқының табысын арттыруға оң әсер етеді. «Әр әкім ауыл шаруашылығының өкілдерімен мемлекеттік құрылымдардың арасындағы көпір сынды болуы керек. Ауылдық округтердің әкімдіктері ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің сұрақтарына жауап беріп, субсидиялар алу жолында көмек көрсететін консалтингтік орталықсияқты жұмыс істеуі керек. Тығыз қарым-қатынас болса ауыл шаруашылығы сөзсіз дамиды» - деген Марат Сұлтанғазиев, жергілікті өзекті мәселелерді облыстық және республикалық деңгейде көтеру және шешу, ауылдық округ әкімдері қызметін бағалаудың бір бағыты болып табылатындығын атап өтті.

Сонымен қатар Алматы облысы әкімінің тапсырмасына орай барлық ауылдық округтердің ғимараттарында,субсидиялар және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде ақпараттық стендттер орнатылғанын атап өту керек.


Рекомендовать
Последние новости