Алматы облысында изолятордан күдікті қашып кетті

Көркем Алдабергенова 22 окт. 2024 09:01 92511

Алматы облысында адам зорлады деген күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Оны ұстау үшін арнайы "Сирена" жоспары енгізілді.

"Негізгі бағыттарда бақылау-өткізу пункттері орнатылып, барлық күш пен қаражат қашқынды тауып, ұстауға бағытталған. Сонымен бірге қашып кетудің мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Баспасөз қызметі жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін хабарлады.


Рекомендовать
Последние новости