Алматы облысында үй кезегінде тұрған 55 отбасыға коттедж берілді (фото)

Dalanews 16 дек. 2019 15:22 966

Тәуелсіздік күні Талдықорғанда 55 отбасына коттедж үй берілді. Қоныс иелеріне баспана кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыстады.

Әр коттедж үйдің ауласы - 10 сотық. Ал әр баспананың көлемі - 90 шаршы метр.

 



«Толық емес отбасы ретінде баспана кезегінде 15 жыл тұрып, бүгін арман болған үйімізге қол жеткіздік. Өзімнің 3 балам, сегіз немерем бар. Тәуелсіздік күнінде баспаналы болып жатқан барша халықты қоныс тойымен құттықтаймын», - дейді қуанышымен бөліскен Рауза Қазақбайқызы.



Талдықорған қалалық әкімдігінің мәліметінше, бүгін берілген коттеджді үйлердің барлығы - жалға берілетін баспана. Және бұл үйлер жекешелендірілмейді.

«Осы коттеджді қалашықтың аумағында 900 орындық мектеп салынады. Қазір мектептің жобасын бастадық. Балабақша саламыз. Әлеуметтік нысандардың барлығы болады. Осының барлығы - Тәуелсіздігіміздің, мемлекеттік бағдарламалардың жемісі деп білемін», - деді қоныс иелерін құттықтаған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

 

 

Тағы оқыңыз:

https://dalanews.kz/48620

Рекомендовать
Последние новости