Тәуелсіздік күні қарсаңында Семейде 40 отбасыға баспана берілді (фото)

Dalanews 14 дек. 2019 12:49 979

 ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей қаласында жаңадан бой көтерген «Қарағайлы» шағын ауданында тұрғындарға жаңа пәтер кілтін табыс етті.

 Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада әлеуметтік жағынан аз қамтылған семейлік 40 тұрғын жаңа баспанаға ие болды.



Өңірде көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларының кешенді бағдарламасы іске асырылуда.




Яғни, осы санаттағы отбасылардан шыққан 35 мыңға жуық мектеп жасындағы бала ыстық тамақпен және мектеп формасымен қамтамасыз етілді, 3 мыңнан астам бала тегін балабақшаға барды, 4 мыңнан астам мектеп түлектері колледждер мен жоғары оқу орындарының гранттарына ие болды.



Облыста көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамту мәселесі де түбегейлі шешімін тауып келеді.



Жалпы, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 440 көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы баспаналы болды.


Әсем ЖЫЛҚЫШИЕВА 


 

Рекомендовать
Последние новости