Алматы облысында оқушы өртке оранған үй тұрғындарын құтқарып қалды

Dalanews 05 июн. 2024 11:44 2561

Ағымдағы жылдың 04 маусым күні Боралдай кенті, №39 гимназияның 9 сынып оқушысы Қамитбек Ихсан, аталған ауылдың Найзашоқы көшесінде түратын досының үйіне келе жатып, сол маңдағы (Боралдай кенті, Найзашоқы к-сі, №11 үй) белгісіз біреудің үйінде өрт шыққанын көреді. Ихсан, ойланбастан өрт шыққан үйге жүгіріп кіріп өрт күйшеймей тұрып 63 жастағы қарт кісімен 12 жастағы немересін отқа оранған үйден алып шығып, өрт сөндірушілерді шақырған. Өрт сөндірушілер келіп тілсіз жау толығымен ауыздықталды,  деп хабарлайды Dalanews.kz. 


Баланың бұл ерлігі ештеңемен өлшенбейді, осындай ұлды тәрбиелеген ата-анасына және ұстаздарына мың алғыс!


Ихсан – бүгінгі күннің батыры!!!
Өздеріңіз білетіндей өткен жылы ғана Өтеген батры ауылы, №24 лицейдің 8 сынып оқушысы Герой Ақжол Нұрланұлы, 219 бағдарлы автобустың жүргізушісінің жүрек талмасы ұстағанын байқап, жүргізуші кабинасына дереу кіріп тежегішті басып, жол жиегіндегі тұрғын үй қоршауына көлікті жеткізбей тоқтатқан болатын. Осылайша автобус ішіндегі адамдардың өмірін аман сақтап қалған еді.


Рекомендовать
Последние новости