Алматы облысында жол апатынан аудандық ІІБ басшысы қаза тапты

Dalanews 18 дек. 2016 08:34 925

Алматы облысында болған жол апатынан аудандық ІІБ басшысы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты Үшарал-Қазақстан ауылы тасжолының аумағында болғаны белгілі болды. Онда екі көлік соқтығысып қалған.

Алматы облыстық ІІД өкілдері полиция полковнигі, Алакөл аудандық ІІБ басшысы Айдын Асқарбаевтың қаза тапқанын растады. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Рекомендовать
Последние новости