Алматы облысында «Жетісу идеологтарының» слеті өтті

Dalanews 17 мар. 2020 05:59 806

Алматы облысында «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жетісу идеологтарының  III слеті өтті.




Алқалы отырысты Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыстық «Талдау және болжау» орталығы ұйымдастырды.

Аталған шараға аймақтағы ішкі саясат басқармаларының басшылары мен әр ауданның баспасөз-хатшылары арнайы шақырылған.


Шақырту алған қонақтардың қатарында Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Қарбозұлы, Қазақстан халқы ассамблеясы филиалы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі  Ғабит Тұрсынбай, Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Ғалиасқар Төлендіұлы да бар.

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын, қоғамдық келісімнің сақталуына  атсалысып жүрген азаматтардың басын қосқан слетта Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы модератор қызметін атқарды.

Жиын барысында билік басында жұмыс істеп  жүрген тұлғалар сөз алып, осы уақыт аралығында атқарылған істердің бір сыпырасына тоқталды.



Алматы облысы ішкі саясат басқармасы жанынан құрылған « Jetisy Media» КММ-сі ашылған кезінен бастап мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара іс-қимылының тиімді тетігін құру, және мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, жеке тұлғалармен облыстағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалды зерделеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен ақпарат ағымында өзара берік әрі оң іс-қимылын орнатуда.  Бұл ретте «Jetysu Media» 2019 жылы 215 баспасөз-мәслихаты өткізіліп, оған 407 спикер қатысқан, ақпараттық кеңістікте 17 834 мақала жарияланды. Сондай-ақ, «Jetysu Media» КММ-нің ұйымдастыруымен Алакөлде ашық аспан астында өткізілген іс-шарада елдің жетекші блогерлері Қыран Талапбек, Ержан Рашев, Бейбіт Әлібеков келіп, шеберлік сабақтарын жүргізген.

Сонымен қатар, «Pecha kucha» форматындағы интеллектуалды кеші өткізілді, «Манас» қазақ-қырғыз зиялыларының халықаралық форумы, «Мерейлі отбасы» байқауы, Қазақстанның жетістікке жеткен әйелдерінен «Әйел жетістігінің формуласы» тақырыбында  шеберлік сабақтары, «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының өтуіне мұрындық болғандығы туралы « Jetisy Media» КММ-нің директоры Жанна Арынбекова жиын барысында  мәлімдеді.

Бұдан бөлек, ішкі саясат басқармасына қарасты «Рухани  жаңғыру» жобалық кеңсесі ЖШС директорының орынбасары Ерасыл Толымбекұлының баяндамасынан 2019 жылы облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 10 млрд. теңгеден астам сомаға 585 жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылғаны мәлім болды.




Бұдан басқа, атымтай жомарт азаматтардың қолдауымен азқамтылған және көпбалалы отбасыларға 200-ге жуық баспананың кілті табысталған екен. Және өзге де ауыз толтырып айтарлықтай жобалар іске асқан.

Ішкі саясат басқармасының мойнына артылған міндеттер өте көп. Ол елдегі тұрақтылыққа барша мемлекеттік ұйымдардың ісіне жауапты бірден бір басқарма екені даусыз. Осы орайда әліде атқаратын қыруар жұмыс бар. Соны жүзеге асыру үшін алдыға қойған бірнеше мақсттар бар екенін Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Ғалиасқар Сарыбаев айтты. Олар :

  1. Белсенді әлеуметтік саясат құру. Яғни, әр басқарманың күнтәртібін айқындап беру қажет. Қай бағытта жұмыс жасайтынын анықтап көрсету керек. Сол себепті де «медиа», «болжау» орталықтары құрылған болатын.

  2. Әр кімге қол жетімді болашақ. Бұл жерде ел жастарын біліммен қамтамасыз ету басты назарда болуы тиіс. Адами капиталды арттырып, қолданбалы білімді дамытуға мән берген жөн.

  3. Ақпараттық технологиялардың өсуі. Жасанды интелект бүгінгі буынның ажырамас серігі болып қалды.

  4. Дені сау адамдардың, мықты ұлттың қалыптасуы. Денсаулық сақтау саласындағы білікті мамандар санын арттыру. Бүгінде обыр, қант деабеті сынды небір кесел түрлері күннен-күнге жасарып келеді. Барлық аурулардың ерте кезден бастап алдын алуға дағдылану маңызды.

  5. Экономиканың өсуі. Бұл ортақ игілікті мақсат. Осы бағытта облыс көлемінде көп істер жасалынды. Бірақ өз ішімізде біліп қана қоймай, халық арасында түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізу жолға қойылуы тиіс.

  6. Қоғамның әл-ауқатын арттыру негізінде бизнесті қолдау. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында небір бағдарламаларды іске қосты. Алайда, халық білмейді. Насихат аз.

  7. Азаматтардың қолайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау. Әр адам жақсы тірлік кешкісі келеді. Сондықтан урбанизация мәселесін жолға қойып, ауылдағы ағайынды қалаға тарту керек.

  8. Азаматтар өкілеттілігі үшін мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру.

  9. Мемлекеттік қызметшінің құқығын қорғау. Заң аясында жұмыс жасау.

  10. Жастарды қолдау. Жастарға жол беріп, қызметке тұрып , жұмыс жасауына мүмкіндік беру .


Сөз соңында ол мемлекеттік мүддесін қорғайтында, адамның ой-санасын өзгертуге ықпалы бар басқарма  ішкі саясат екенін нақтылап көрсетті.

Мінбеге шыққан қонақтардың сөзі аяқталғаннан кейін жыл бойы үздік көрсеткіш көрсетіп, тынбай еңбек еткен мамандар мен басшылар марапатталды.

Аумақтағы ішкі саясат бөлімінің басшылары келесідей ретпен лайықты бағаларын алды.

«Ішкі саясаттың үздік басшысы» аталымына   - Кербулақ ауданың ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Дүйсенбекқызы ие болса,  «Ішкі саясаттың үздік басшысы» - Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің бастығы  Әділет Рымтаевқа бұйырды. Жүлделі ІІІ - орын «Ішкі саясаттың үздік басшысы» атауына  Текелі қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекшісі - Нұржамал Абдрахманқызы лайықты болып табылды. Ал, ІІ - орын «Ішкі саясаттың үздік басшысы» атағы  -  Қарасай ауданың ішкі саясат бөлімінің басшысы Амина Адрахмановаға тиесілі болды.  Биік тұғыр, І - орын «Ішкі саясаттың үздік басшысы» деген атау  Жамбыл ауданың ішкі саясат бөлімінің басшысы - Айткүл Жұмағалиқызына бұйырды.

Сый-сияпат алған көшбасшылардың қатарынан аудан, қала әкімдері де көрінді.

Балқаш ауданының әкімі Ғалым Тоқпейісов - «Қоғамдық тұрақтылық пен келісім» номинациясының иегері атанды. ІІІ-орын Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Әбдықапасұлының қанжығасына байланды. ІІ- орын Панфилов ауданының әкімі Талғат Әбенұлына тиесілі болса,   халықпен әркез ашық байланыста болатын Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев І- орынды иеленді.

Мемлекеттік мемкемелердегі жасалынып жатқан жұмыстарды халыққа жеткізіп, ақпаратпен қамтамасыз етіп жүрген, «арқалағаны алтын, жегені жантақ» болған баспасөз-хатшыларының ішіндегі білімі мен білігі қатар шапқан талантты жастарға да арнайы дипломдар табысталды.

Сарқан ауданының баспасөз-хатшысы Олжас Құрмашев «Ең оперативті баспасөз хатшысы» атанса,  «Үздік ақпараттық баспасөз хатшысы» Көксу ауданының баспасөз-хатшысы - Айгүл Айманбековаға бұйырды. «Жыл Серпіні» номинациясын  Ескелді ауданының баспасөз-хатшысы - Алима Мұратқызы  алды. ІІІ – орын Айдынды Алакөл баспасөз-хатшысы Айдана Тынысбекованың қоржынына түсті. ІІ - орынды Панфилов ауданының баспасөз-хатшысы -  Нұрбол  Ханағат иемденсе, І дәрежелі дипломды  Еңбекшіқазақ ауданының баспасөз-хатшысы Динара Тюлемисова тақымына басты.

Осылайша, Жетісу жерінің дамуына ықпал етіп, аянбай тер төгіп жүрген саңлақтар  өздеріне тиесілі тұғырына шықты. Шараның соңы жабық түрде өткен семинар-тренингке ұласты.

Анар САБЫРОВА


 

 

 

Рекомендовать
Последние новости