Алматы облысында 6 колледж жұмысын уақытша тоқтатты

Dalanews 30 нояб. 2020 16:47 901

Күні кеше ғана Алматы облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Қабимолдаева облыс аумағында жұмыс істейтін колледжердің жұмысы жайында журналистерге ақпар берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Өз кезегінде депертамент басшысы Алматы облысы бойынша 15 колледж 28 мамандық пен 31 біліктілік бойынша лицензиялық тіркемелерін өз еркімен қайтарып бергенін алға тартты. Сонымен қатар екі колледж өз міндетін тоқтату жайлы шешім қабылдағанын және 6 колледждің жұмысы уақытша тоқтап тұрғанын алға тартыпты.

Одан бөлек 2020 жылы Алматы облысында профилактикалық бақылаудан 29 мектеп өткен. Лицензиялау мәселесімен 254 өтініш қабылданды, оның – 55-і қайтарылды.

– Апостильдеу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Жылдың басынан бұл қызмет республиканың 224 азаматына көрсетілді. 216 құжат бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде, 55-жоғары білім, 24-кәсіптік білім, 123-жалпы орта білім саласында, 14-оқу туралы анықтама. 8 құжатты апостильдеу жоққа шығарылды, – деді Сауле Кабимолдаева.

Елімізде коронавирустың таралуы да орта білім саласына өз кесірін тигізіпті.  Бұған қарамастан департамент наурыз айынан бастап ЖОО және колледждердің қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін бақылауда ұстады. Атап айтсақ, оқу жылы барысында инклюзивті білім беру жүйесі, бейнебақылау жүйесі, санитарлық-гигиеналық құралдардың болуы және  мектептердегі 3 ауысымды оқыту бақылаудан өткізген.

Рекомендовать
Последние новости