Алматы облысында 204 мыңан астам адамға түрлі төлемдер тағайындалған

Dalanews 30 окт. 2020 12:37 870

Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті зейнетақы және өзгеде төлемдерді тағайындау, медициналық әлеуметтік сараптама жасау, халықты әлеуметтік бақылау сынды 3 бағыт бойынша қызмет атқарады.   

Төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде азаматтың барлық құжаттарды есепке алу құқығын қамтамасыз ету, зейнетақы істерін қалыптастырудағы заң бұзушылықтарды тексеру және анықтау – департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің жұмысы болып табылады.

Әлеуметтік төлемдердің түрлері адам туылғаннан бастап, қайтыс болғанға дейін тағайындалады, әлеуметтік төлемдер азаматтардың ең кең санаттарын, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерді, көп балалы аналарды және т.б. қамтиды.

Айта кету керек биыл  жыл басынан, нақтыласақ 1 қаңтардан  бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%-ға өскен.

– 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 5%-ға арқтан. Нәтижесінде 2020 жылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 12%-ға өсті, – деп мәлімдеді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Досжан Бақытжанұлы.


Төтенше жағдай енгізілген кезеңде мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушыларға төлем автоматтандырылған режимде 3 айға 3 мәрте ұзартылды. Ең алғаш рет 12 мамырда 5218 азамат, екіншісінде 10 шілде де 3381 адам, соңында яғни, 19 тамыз күні 776 тұлға жәрдемақы алған.

Соңғы 9 ай ішінде  Департаменттен 204 090 зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер тағайындалған. оның ішінде жаңадан тағайындалған істердің саны 98644 бұл 48,3%-ды құрайды.

Рекомендовать
Последние новости