Алматы облысы. 1 млрд теңге инвестиция тартқан ауыл

Жарбол Кентұлы 15 июл. 2024 19:18 2304

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қаратұрық ауылдық округі алма өсіру бойынша Қазақстанда бірінші орында тұр. Шағын ғана ауылдың болашағы зор, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ауылда алма өсіруде заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолданады. Мысалы, мұндағы шаруалар тамшылатып суару жүйесін алма бақтарына кеңінен қолданылады. Жиналған өнім Қазақстанның барлық аймақтары мен көрші шетелдерге экспортталатынын айта кетуіміз керек. Жалпы Қаратұрық ауылдық округінде – 13 643 адам тұрады. Қылмыс жоқ.

Округте бірнеше ұлт өкілдері мен этникалық топтар өмір сүріп жатыр. Халықтың ауызбіршілігі жоғары деңгейде. Халық санының аздығына қарамастастан болашағы бар ауылардың қатарында.

Оған дәлел ауылға 1 млрд теңгеден астам инвестиция салынғаны айқын мысал болады.

Қаратұрық ауылдық округіне қарасты, Арна және Лавар ауылдарында жол мен жарықтандыру мәселесі 100% шешілген. Ал Қаратұрық ауылында бұл мәселе 68%-ға шешімін тапты.

Бүгінде ауылда шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысып, мемлекеттің мөлшері 2,5%-дық 5 млн теңгелік несиесы мен қайтымсыз грант алып кәсібін дөңгелетіп отырғандар тұрғындардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Кәсіпкерлер ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Нәтижесінде, жылына төленетін салық көлемі артып,  2023 жылы 48,868 млн теңге салық төленсе, 2024 жылы оның көлемі 59,447 теңгеге жетеді деп жоспарлануда.  

Ащысай ауылында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 600 орындық мектеп және спорт кешені салынып жатыр. Бұл үш ауысымда оқу мәселесін толықтай шешеді. Шағын ауыл болса да, үлкен сауда орталығы ашылған. Мұнда киім-кешек, асхана, дәріхана, шаштараз, дүкен, автобөлшектер, сантехникалық заттар сынды күнделікті тұрмысқа қажетті заттың бәрі бар.  

 


Рекомендовать
Последние новости