Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 11 жыл орынбасар болған Қалқабаев қызметінен кетті

Көркем Алдабергенова 29 июл. 2024 12:44 4608

Марат Қалқабаев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында. 

Айта кетейік, Марат Қалқабаев 2013 жылдан бері ҰҚК төрағасының орынбасары болған.  


Рекомендовать
Последние новости