10 тамыздан бастап Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты іске қосылады. Бұл туралы ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті мәлім етті,- деп хабарлайды Dalanews.kz
"Ағымдағы жылдың 10 тамызынан бастап "SCAT" қазақстандық әуе компаниясы Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Минскіге рейстерді Астана қаласынан Беларусь «Белавиа» әуе компаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен орындайды.
Осылайша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің жалпы саны аптасына 6 рейске дейін артады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.