Алматы мен Астанада Қаржы министрлігінің лауазымды қызметкерлері ұсталды

Көркем Алдабергенова 09 окт. 2024 12:45 2129

Алматы мен Астанада Қаржы министрлігінің қызметкерлері ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталды. Олар алдау арқылы кәсіпкерге көмектескен сыңай танытып, 68 миллион теңге сомасында ақша қаражатын иемденіп алған. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың сөзінше, арнайы операция барысында Алматы және Астана қалаларында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармаларының басшылары әшкереленді.

"Олар кәсіпорынға 570 миллион теңге көлемінде салықты негізсіз қосымша есептеу туралы ақпаратты алып, делдал арқылы осы фирманың өкіліне жүгініп, одан ақшалай сыйақы талап етті деген күдікке ілінді. Алдағы уақытта бұл мәселені шешу сылтауымен оны 68 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат иеленді, оның ішінде Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары мен делдал қылмыспен әшкереленді", - деді Данияр Бигайдаров Антикордағы брифингте.

Соттың санкциясынан күдіктілер электронды бақылау құралдарын қолдана отырып, үй қамағына алынды. Басқа лауазымды тұлғалардың қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығы тексеріледі. Тергеу жалғасуда.


Рекомендовать
Последние новости