АЭС салуды дауыс бергендердің 71,12 пайызы қолдады

Көркем Алдабергенова 07 окт. 2024 11:13 3716

Орталық сайлау комиссиясы АЭС бойынша референдумның алдын-ала қортыныдысын жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Орталық Төрағасы Нұрлан Әбдіровтың мәліметінше, референдумге 5 миллионнан астам қазақстандық қатысқан. 

"7 қазан таңындағы алдын ала дауыс беру нәтижелері келесідей көрінеді: 71,12 пайыз азамат қолдады, ал 2 452 071 азамат қарсы дауыс берді", - деп мәлімдеді Төраға.

Еске салсақ, 6 қазанда өткен референдумға дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген.

Референдумға 30 шет мемлекет пен төрт халықаралық ұйымның (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) атынан 177 байқаушы қатысты.

Дауыс беру барысын 14 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері, соның ішінде Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан орталық сайлау органдарының төрағалары да бақылап отырды.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 37 елден 200 шетелдік журналистерді аккредиттеді, олар да республикалық референдумды бақылап,ақпарат таратты.


Рекомендовать
Последние новости