Алматы маңында бүкіл ғимаратты шарпыған жойқын өрт шықты

Dalanews 24 янв. 2024 05:16 1003

Бүгін таңертең Первомайск индустриалды аймағындағы өрт басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеп.


Бүгін таңертең алматылықтар қаланың солтүстік бөлігінде қалың қара түтінді байқады. Осы тұста Алматы облысы Іле ауданында орналасқан Первомайск индустриалды аймағындағы полиэтилен қоймасы өртеніп жатқаны белгілі болды.


Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабар таңғы сағат жетілер шамасында түскен. Болжам бойынша бөлмедегі қысқа тұйықталу себеп болған.


Құтқарушылар оқиға орнына 20 минут ішінде жеткен. Осы уақытқа дейін өрт 3,6 мың метр аумақта бүкіл ғимаратты шарпыған.


“Өрт таңғы сағат 9:12-де оқшауланды. Өрттің жақын маңдағы қоймаға таралуына жол берілмеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің таралу қаупі жоқ. Өртті сөндіру жалғасуда”, - деді Төтенше жағдайлар департаменті.


Өртті сөндіруге 9 қызметкер мен 18 техника жұмылдырылды.




Рекомендовать
Последние новости