"Қазақ, өзбек деген ұлттар болған жоқ". Ресейлік тарихшы даулы мәлімдеме жасады

Dalanews 24 янв. 2024 05:45 1461

Ресей тарихшысы Михаил Смолин НТВ телеарнасының эфирінде 1917 жылғы революцияға дейін өзбектер мен қазақтар ұлт ретінде болмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, жиырмасыншы ғасырдың басында ұлттардың қалыптасуында түрлі шешімдер шығарылған.

"Қазақстан қалай пайда болды? Шын мәнінде, алғашында РКФСР құрамында Қазақ КСР деп аталды, ешқандай қазақ деген болған жоқ. Содан кейін Қазақ КСР ішінде Қырғыз КСР құрылды, содан кейін ол РКФСР-ден бөлінді. Бұл жерде ұлттардың қалыптасуы туралы ерікті шешімдер қабылданды. Мысалы, өзбек деген ұлт революцияға дейін болған емес, мұндай этникалық атау да болған емес. Бірнеше Орта Азия халықтарынан өзбектерді құраған", - деді Смолин.


Айта кетейік, бұған дейін ресейлік журналист Тина Канделаки де Қазақстанда орыс тілінің аясы таралып жатқанын айтып, елді шулатты. Ол мұны теміржол бекеттерінің ауысуынан байқапты-мыс.

Фото: rus.caspianlife.kz
Коллаж: Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости