“Алматы Электр станциялары” компаниясы 4,4 млрд теңге айыппұл төлеуге міндеттелді

Қаракөз Амантай 19 июн. 2025 14:40

“Алматы Электр станциялары” компаниясына 4,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, АлЭС-ке қатысты тергеу нәтижесінде әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған. Сот компанияны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 4,4 миллиард теңге айыппұл салу жөнінде қаулы шығарған.

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті компанияның нарықтағы үстем жағдайын асыра пайдалану белгілері бойынша тергеу жүргізген.

“Индустриялық аймақта қалалық электр желілері болмағанына қарамастан, АлЭС энергиямен жабдықтаушы ұйымды электр энергиясын тек қосымша – өзімен аффилирленген ұйымның желілері арқылы жеткізу қызметімен бірге сатып алуға міндеттеген”, – деп түсіндірді антимонополия өкілдері.


Рекомендовать
Последние новости