Алматы әкімдігі қаланы жарнамалауға шетелдік блогерлерді шақырып, 89 миллион бөлген

Көркем Алдабергенова 23 мая 2024 16:39 2770

Алматы әкімдігі қаланы жарнамалауға шетелдік блогерлерді шақырып, қыруар қаржы бөлген, - деп хабарлайды Dalanews.kz Bes.media-ға сілтеп. 

Әкімдік шетелдік блогерлердің қызметіне 89 285 710 теңге бөлген. Шетелдік блогерлер қаланы жарнамалап, жазбалап мен видеолар жариялауы қажет.  

50 блогер әр маусым сайын Алматыға келеді. Оларға қаланың көрікті және туристік жерлері көрсетіліп, ойын-сауық ұйымдастырылып, кәдесыйлар беріледі.   

Техникалық сипаттамаға сәйкес, блогерлерге мынандай талаптар қойылады: 

  • олар БАӘ, Сауд Арабиясы, Түркия, Қатар, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Қытай мен Малайзиядан келуі керек; 
  • Блогерлер Travel, Food Blog немесе Lifestyle бағытында блог жүргізуі керек; 
  • Instagram, Facebook, YouTube, TikTok және Weibo желілерінде блог жүргізуі керек; 
  • Аудиториясы кемінде 300 мың оқырман болуы керек және жазбаларын кемінде 500 мың адам көруі қажет;
  • Аудиториясы 23-45 жастағы адамдар болуы қажет. 

Әкімдікке қандай талаптар қойылады? 

  • блогерлерге турды әр маусым сайын төрт рет ұйымдастыруы қажет; 
  • блогерлерді 10-ға бөлу қажет; 
  • әрқайсын әуежайдан күтіп алып, ыңғайлы көлікпен 4 немесе 5 жұлдызды қонақүйге орналастыруы қажет; 
  • тамақтандырып, күні бойы сумен және тіскебасармен қамтамасыз ету керек; 
  • медициналық сақтандыру жасап, ауа райы бұзылған жағдайда қолшатыр беріп, күн ысып кетсе күннен қорғайтын SPF-50 крем беру керек; 
  • ойын-сауық ұйымдастырып, кәдесый сыйлау қажет. 

Рекомендовать
Последние новости