Павлодарда құны 4,2 миллиард теңге болатын есірткілер тәркіленді

Көркем Алдабергенова 21 мая 2024 09:16 2222

11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарын үйлестірудің көмегімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді, - деп хабарлайды Dalanews.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеп. 

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 келіден "мефедрон", 2 тонна прекурсор, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.

"Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 миллиард теңге болса, ал көлемі 680 мың дозадан асады.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.


Рекомендовать
Последние новости