"Алғашқылардың бірі болып айыптады": Мәскеудегі терактке қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай?

Сағыныш Сардарова 26 мар. 2024 13:25 2707

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ сенаторы Стив Дэйнспен кездесуінде Ресейдегі кейінгі жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселесіне баса мән берді.

"Бұл ретте Президент Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекетті Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып қатаң айыптағанын және осындай қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге екенін айтты", - деп жазылған Ақорда мәліметінде.

Айта кетейік, атыс "Пикник" рок-тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталған болатын.

"Залда жүрген адамдар атыстан қорғану үшін бірден жерге жатып қорғанды. Кемінде 15-20 минут жерде жатып, ақырындап сыртқа шыға бастады. Көбі қашып үлгерді", - деп жазды сол кезде ресейлік арналар. 

Ал бұған дейін Мәскеу қаласының аудандық сотына Крокус-Экспо сауда ойын-сауық орталығында ауқымды террористік акт жасады деген күдіктілер әкелінген болатын. Кейінірек Басман аудандық соты террористер тобына қатысты алдын ала тергеу органдарының бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қарауға кірісті.

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша террористердің атыс қаруын қолдануы мен сауда ойын-сауық орталығы өртенуінен 130-дан аса адам қаза тапқан, зардап шеккендердің саны 180 адамнан асады.

Сот бұған дейін ұсталған күдіктілерге 1 ай 28 тәулік мерзімге, яғни 2024 жылғы 22 мамырға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.


Рекомендовать
Последние новости